Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Үстел Теннисі

Алматыда үстел теннисінен «WTT Youth Contender Almaty» Халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді

Алматы тарихта екінші рет үстел теннисінен «WTT Youth Contender Almaty» беделді халықаралық турнирінің өтетін орны болады.

Биыл ірі бастама 27-30 шілде аралығында өтеді. Медальдар бес жас санаттарында ойналады.

Алдағы турнир әлемнің 17 елінен 230 спортшыны жинайды. «WTT Youth Сontender Almaty» турниріне қатысуды Бельгия, Гонконг, Үндістан, Иран, Катар, Қытайдың Тайбэйі, Қырғызстан, Моңғолия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Словакия, АҚШ, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Жапония және Қазақстан өкілдері растады.

«WTT Youth Contender Almaty» халықаралық турнирін қайта қабылдау біз үшін үлкен мәртебе. Екінші рет біздің еліміз осы маңызды спорттық іс-шараның сахнасына айналуда. Біз қатысушылардың саны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскенін көргенімізге қуаныштымыз.

Бұл турнир халықаралық жарыс күнтізбесінде ерекше орын алады, өйткені бұл үстел теннисіндегі жоғары жетістіктерге ұмтылатын жас спортшылар үшін өздерін дәлелдеудің тағы бір мүмкіндігі. Сонымен қатар, «WTT Youth Contender Almaty» ТМД елдерінің аумағында өтетін осындай мәртебеге ие жалғыз жасөспірімдер турнирі болып табылады.

Бұл турнир әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар арасында тәжірибе және шеберлікпен алмасу үшін жұмыс алаңы болатынына сенімдіміз.

Үстел теннисінің барлық әуесқойларын спорттық іс-шараға қатысуға, тартысты жарыстың бір бөлігі болуға шақырамыз.

«WTT Youth Contender Almaty» барлық қатысушыларына жарқын ойындар мен үлкен жеңістер тілеймін», — деді Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының  президентi  Данияр Абулгазин.

Айта кетейік, медальдар мен жүлделерден басқа, кіші ракетканың жас шеберлері әлемдік рейтингке де ұпай жинай алады. (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының  және Әлемдік үстел теннисінің (WTТ) қолдауымен өтетін турнир 11-19 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында өтеді.

Бәсекелестік бағдарлама келесі қашықтықтар бойынша жүлделі ұтыстардан тұрады:

  1. Ұлдар мен қыздар, 11 жасқа дейінгі жеке разряд;
  2. Ұлдар мен қыздар, 13 жасқа дейінгі жеке разряд;
  3. Ұлдар мен қыздар, 15 жасқа дейінгі жеке разряд;
  4. Ұлдар мен қыздар, 17 жасқа дейінгі жеке разряд;
  5. Ұлдар мен қыздар, 19 жасқа дейінгі жеке разряд;
  6. 15 жасқа дейінгі аралас жұптық разряд;
  7. 19 жасқа дейінгі аралас жұптық разряд.

Алдағы турнирдің барлық ойындар «ADD USTEL TENNIS ORTALYGY» Алматы үстел теннисі орталығында өтеді. Үстел теннисінің жанкүйерлері мен әуесқойлары үшін тегін кіру мүмкіндігі бар.

Бұл ретте көрермендерге жарыстың тікелей трансляциясы да қолжетімді болады. Турнирдің барысын Әлемдік үстел теннисінің (WTT) ресми YouTube арнасынан көруге болады.

Турнирдің бас серіктестері «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ @samrukkazyna_official, «SportQory» туризм және спорт индустриясын қолдау қоры @sportqory болды.

Сондай-ақ, ҚР ҮТФ Алматы қаласы әкімдігіне турнирді ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіреді @akimat_almaty.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz