Өзбекстанның Самарқанд қаласында жеребе тарту рәсімі өтіп, футзалдан Қазақстан құрамасының алдағы әлем чемпионатындағы топтағы қарсыластары анықталды. Пауло Рикардо Кака шәкірттері Испания, Жаңа Зеландия және Ливиямен бір квартетте өнер көрсетеді. 24 команданың ішінде 4 командадан 6 топ құрылды. Әр топтан бірінші орын алған екі команда плей-офф кезеңіне өтеді. Оларға үздік 6 үшінші орын алған команданың 4-і қосылады.
Жеребе тарту рәсімі аяқталысымен футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака алдағы матчтарға байланысты өз пікірін білдірді.
«Жақсы топ тек WhatsApp-та отбасылық топ болуы мүмкін. Бізге де, қарсыластарымызға да оңай болмайды. Жаңа Зеландия әлем чемпионатында дебют жасап жатыр. Бұл футзал мықты ойнайтын команда. Ливия шамалас, бірақ біліктілігі біршама жоғары. Испанияны бәрі біледі. Тобымызда Испания мен Қазақстан қағаз жүзінде мықты деп ойлаймын. Біз алғашқы ойынды Испаниямен өткізейін деп жатырмыз. Өзбекстанда бізге үлкен қолдау болатынына күмәнім жоқ. Жанкүйерлердің көмегіне сенеміз. Бірақ, біз жақсы өнер көрсетуге дайын болуымыз керек», — деді Кака.
Футзалдан әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанның үш қаласында – Ташкент, Бұхара және Әндіжанда өтеді. Естеріңізге сала кетейік, өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші орынға қол жеткізіп, тарихи нәтижеге қол жеткізген болатын.
15 қыркүйекте қазақстандықтар бірінші болып испаниялықтармен сынға түседі. 18 қыркүйекте біздің команда Ливиямен, ал 21 қыркүйекте Жаңа Зеландиямен ойнайды.