Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Түркістанда Лига кубогының жеңімпазы анықталды

Түркістанда Лига кубогының алғашқы жеңімпазы анықталды. Турнирдің финалында елордалық екі команда – «Жеңіс» пен «Астана» сынға түсті.

«Түркістан Аренада» өткен кездесу 2:0 есебімен «Астананың» жеңісімен аяқталды. Командаларға жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жеткіліксіз болды. Ойын овертаймға ұласты. 104-минутта көк-сарылар сапынан Карло Бартолетс есеп ашса, ал 122-минутта Усман Камара ойынның нүктесін қойды.

Негізі Лига Кубогын «Астана» жеңуіне зор септігі тиген бір адам ол — Мұхамеджан Сейсен. Себебі, ол жартылай финалда «Елімайға» қарсы кездесуде 3 пенальти тосты. Бүгін финалда бірнеше сейв жасады. Әсіресе «Жеңіс» шабуылшысы бірге-бір шыққанда таза кіріп тұрған голдан құтқарды. Жалпы, соңғы ойындардан байқағанымыздай қазақ қақпашысы Йосип Чондричтен әлдеқайда жақсы тұратынын байқатып жүр! «Витория Гимарайншке» қарсы ойында бапкерлер штабы Сейсенді негізгі құрамда шығарса екен!

Айта кетейік, «Астана» Лига кубогының тарихындағы алғашқы жеңімпаз Турнирдің жалпы жүлде қоры 450 миллион теңгені құрады. Енді «Астана» 90 миллион теңгеге, ал «Жеңіс» 50 миллион теңге сыйақы алады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz