Қазақстан кубогында бірінші жартылай финалындағы «Тобыл» мен «Атырау» кездесіп, матч аяқталған соң есеп өзгерді.
Қостанайдың «Тобыл» командасы өз алаңында «Атыраумен» ойнады. Алғашқы минуттардан-ақ алаң иелері басымдықты қолға алып, үзіліске дейін пенальтиден гол соғып үлгерді. Олжас Керімжанов айып алаңында Ислам Чесноковтың аяғынан шалды.
Екінші таймда қонақтар бірқатар қауіпті сәттер тудырды. Бірақ, гол соға алмады. Стас Покатилов өзін тамаша көрсете білді. Ал ойын соңында алаңға шыққан Жаслан Жұмашев орталыққа берілген пасты тиімді пайдаланды. Нәтиже – 2:0.
Матч трансляциясы кезінде голдың есепке алынбағаны туралы төреші тарапынан ешқандай ескерту болған жоқ. Алайда, ойын аяқталғаннан кейін протоколда ресми есеп 1:0-ге өзгерді. Жалғыз голдың авторы 40-минутта пенальтиді орындаған марокколық Ахмед Эль Мессауди болды.
Лигада жағдайды былай түсіндірді:
«Гол ережеге сәйкес есепке алынбады. Футболшының қолы допқа тиген — 1:0. Лига сайтындағы трансляцияда және графикада түсінбеушілік орын алды», — деп жазды журналист Владимир Жарков.
Екінші жартылай финалда ақтөбеліктер өз алаңында «Елімайды» 2:0 есебімен ұтты. Жеңімпаздар сапында Дорни Ромеро (25-минут) пен Максим Самородов (33-минут) гол соқты. Қарымта кездесулер 19 маусымда, ал Қазақстан кубоыгының финалы 29 қыркүйекте өтеді.