Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Үш қазақстандық боксшы Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды

Мырзағали Айтжанов шәкірттері Олимпиадаға толық құраммен барады.

Бүгін Таиландта өтіп жатқан Олимпиадалық іріктеу турнирінің кезекті жарыс күні қазақстандық боксшылардан шаршы алаңға алғашқы болып Валентина Хальзова шықты. 75 келі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе жекте Хальзова колумбиялық Ширлейдис Оросконы 5:0 есебімен жеңіп, төртжылдықтың басты додасына жолдама алды.

Бангкоктағы лицензиялық турнирде Валентина Украина, Моңғолия және Колумбия боксшыларынан басым түсті.

Назым Қызайбай шешуші жекпе-жекте солтүстік кореялық Канг Су Хуангтан басым түсті. Кездесу тағдыры соңғы раунда шешілді. Қорытынды есеп — 5:0. Назым Қызайбай 50 келі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасына барады.

Сондай-ақ Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан ерлер құрамасы соңғы жолдамасын алды.  63,5 келі салмақта сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы шешуші жекпе-жекте молдовалық Александр Парасчивті 5:0 есебімен жеңді.  Осылайша, Мырзағали Айтжанов шәкірттері Олимпиадаға толық құраммен аттанады.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы 7 лицензия иеленді: Сәкен Бибосынов – 51 келі, Сабырхан Махмуд – 57 келі, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – 63,5 келі, Асланбек Шымбергенов – 71 келі, Нұрбек Оралбай – 80 келі, Айбек Оралбай – 92 келі, Қамшыбек Қоңқабаев — +92 келі.

Ал қыздара арасында Назым Қызайбай (50 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (75 келі) лицензияға ие болды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz