Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Станислав Черчесов: «Команда заманауи футбол көрсетуі қажет»

Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов өзінің тағайындауына қатысты пікір білдіріп, алдағы жоспарларын ортаға салды.

– Станислав Саламұлы, Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалуыңызбен құттықтаймыз! Бұл тағайындаудан алған алғашқы әсеріңіз бен эмоцияңыз қандай?

– Алған әсерлер бар, алайда эмоциям байсалды. Бір апта бұрын мен бұл туралы білмедім. Міне, тағдырдың жазуымен бүгін осындамын.

– Қазақстан құрамасының бас бапкері болу ұсынысын қабылдауыңызға қандай негізгі факторлар әсер етті?

– Шамамен екі ай бұрын мен шетелде жұмыс істегім келмейтінімді айттым. Содан кейін ұсыныстар болды. Қазақстан құрамасы менің концепцияма сәйкес келеді деп ойлаймын. Мұнда мені ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов күтіп алды. Біз сөйлесіп, қалай жұмыс істеу керек екенін түсіндік. Жобаны бірлесіп жасау керек деп шешім қабылдадық.

– Қазақстан футбол федерациясы қысқа және ұзақ мерзімді перспективада сіздің алдыңызға қандай мақсаттар мен міндеттер қойып отыр?

– Өткен маусымда команда сәтті ойнады. УЕФА Ұлттар лигасының жаңа парағын бастаймыз. Ұлттық құрама Астанадан Алматыға көшеді, себебі стадионда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жігіттермен сөйлескенімде айтқанымдай, ең басты міндет – өткен кезеңнен жақсырақ болу. Іргетасы қаланды, енді оны кірпішпен қалау керек. Шартты түрде қазақ футболының өркендеуіне мүмкіндік беретін белгілі бір жүйені құру қажет. Менің міндетіме ұлттық құрама емес, жастар мен жасөспірімдер құрамаларының дамыту да кіреді. Енді оларға да назар аудару қажет.

– Қазақстан құрамасының қазіргі әлеуетін қалай бағалайсыз және алдағы турнирлер не күтуге болады?

– Мен командамен кездестім. Жаттықтырушылар штабымен сөйлестім. Бір жылда көп нәрсе өзгереді. Команданың әлеуеті өсуі керек, команда заманауи футбол көрсетуі қажет. Қаншалықты табысты болатынымызды уақыт көрсетеді.

– Жұмысыңызды неден бастауды жоспарлайсыз?

– Қазір біз федерация басшылығымен сөйлесіп, алғашқы екі ойынға қатыспаймын деп шештік. Барлығын жоспарлау керек. Себебі Арменияға ұшуға мүмкіндігім жоқ, өйткені мен бұл күндері ұлттық құраманы қабылдауды жоспарламаған едім. Мен Венгрияға ұшуды жоспарлап отырмын, ол жақта команданың Әзербайжанмен өтетін ойынын қараймын. Жаттығу жұмыстарына қатыспаймын. Осы екі ойынды Руслан Балтиев қорытындылайды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz