Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Уимблдон. ½ финалда Елена Рыбакина чехиялық теннисшіге есе жіберді

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2024 турнирінің жартылай финалында чехиялық Барбора Крейчиковадан сенсациялық түрде ұтылды. Рыбакина 1-сетте 6:3 есебімен алға шыққанымен, қалған екі сетте басымдық таныта алмады — 3:6, 4:6.

Кездесу 2 сағат 9 минутқа созылды. Матч барысында Рыбакина 8 эйс жасап, 3 қосарлы қателікке жол берді. Ал Крейчикова 4 рет допты ойынға қосу барысында қиыс кетіп, 6 қосарлы қателік жіберді. Осылайша жеке кездесулердегі есеп 3-0 есебімен Крейчикованың пайдасына шешілді.

Рыбакина 2022 жылы Уимблдонда жеңіске жеткен болатын. Ал турнирдің өткен жылғы чемпионы чехиялық Маркета Вондроушева биыл күтпеген жерден бірінші айналымда испаниялық Джессика Бузас Манейродан жеңіліп қалды. Финалда Крейчкова тағы бір жартылай финалда хорватиялық Донна Векичті тізе бүктірген италиялық Ясмине  Паолиниге қарсы кортқа шығады.

Осылайша Елена Рыбакина Уимблдондағы өнерін аяқтады. Енді қазақстандық теннисші Парижде өтетін олимпиада ойындарына дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz