Meta-ratings.kz хабарлауынша бұл қызметке Әлімжан Ақаев ұсынылды. ҰОК жарғысына сәйкес бас хатшы қызметіне сайлау арқылы тағайындалады. Сондықтан Ақаевтың кандидатурасын жалпы ассамблея мақұлдауы керек және барлық ұлттық олимпиадалық спорт федерацияларының президенттері дауыс береді.
27 тамызда Ақаев 39 жасқа толады. Қазіргі таңда ол халықаралық істер жөніндегі кеңесші қызметін атқарады. Ақаев ҰОК-та 2016 жылдан бері жұмыс істейді және халықаралық ынтымақтастыққа жауапты.
Естеріңізге сала кетейік, 21 тамызда Головкин бас хатшы Жанар Өтешеваны қызметінен босату туралы бұйрыққа қол қойып, Бас ассамблеяда «сенімін жоғалтуына байланысты» Өтешеваны қызметінен босату мәселесін көтерді. Өтешева 2013 жылдан бері Головкиннің PR менеджері қызметін атқарды.