Олимпиада алдындағы іріктеу финалының ойынында Қазақстан құрамасы Венгриямен кездесті. Біздің хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Гол авторы Никита Михайлис. Екінші кезеңнің басында венгриялық хоккейшілер есепті теңестіре білсе, көп ұзамай Дмитрий Брюс пен Максим Мұхаметов есепті еселей түсті.
Айта кетейік, Нижний Новгородтық «Торпедо» қорғаушысы үшін бұл оның Қазақстан құрамасындағы дебюті болды. Ойынның аяқталуына бес минут қалғанда қарсылас команда бір гол соқты. Үшінші кезеңде Никита Михайлис екі гол қатарынан соғып, хет-трик жасады. Қорытынды есеп 5:2. Осылайша Олимпиадалық іріктеу кезеңіндегі бірінші ойын Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды.
Қазақстан – Венгрия 5:2 (1:0, 2:2, 2:0)
1:0 – 15:55 – Михайлис (Шестаков) ГБ
1:1 – 22:38 – Сонгот (Тербокс)
2:1 – 31:13 – Бреус (Савицкий)
3:1 – 34:06 – Мухаметов
3:2 – 35:17 – Софрон (Нильсон, Эрдели)
4:2 — 48:42 — Михайлис
5:2 — 53:34 — Михайлис (Шестаков)
Қақпашылар: Шутов – Балиж
Қазақстан ұлттық құрамасының келесі ойыны ертең, 30 тамыз күні Аустрия құрамасына қарсы өтеді. Матч 17:00-ге жоспарланған. Тағы бір матч турнир қожайындары Словакияға қарсы 1 қыркүйек күні өтеді.