Санкт-Петерборлық «Зенит» Ресей премьер-лигасының сегізінші турында Мәскеуде ЦСКА-ны жеңді.
Ресей астанасында өз бастауын алған ойында есеп 43 минутта ашылды. «Зениттің» соңы екі ойынында 4 гол соққан Лусиано Гондоу бұл кездесудеде қалыс қалмады. Матч 1:0 есебімен «Зениттің» пайдасына аяқталды. Жалғыз голды 43-минутта аргентиналық шабуылшы Лучано Гондо соқты. Өкінішке қарай, көп гол соғылады деп күтілген матчта есепте өзгеріс орын ала қоймады.
Қазақстан құрамасы мен «Зенит» командасының қорғаушысы Нұралы Әліп матчты қосалқы құрамда бастап, алаңға 46-минутта Вилмар Барриостың орнына алмасып шықты.
81-минутта ЦСКА-ның бразилиялық қорғаушысы Мойзеспен қақтығысқан Алип сары қағаз алды. Мәскеулік клуб легионері де ескерту алды.
Осы ойныннан соң «Зенит» 20 ұпай жинап, 18 ұпайы бар «Локомотивті» көшбасшылықтан ығыстырып, турнир кестесінде қайта 1-сатыға орналасты.