Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Премьер-лига қатысушыларына әйелдер командасын құру талап етіледі

Қазақстан футболы құрылымында маңызды өзгерістер орын алды.  2025 жылдан бастап Премьер-лига қатысушыларының құрылымында әйелдер командасы болуы қажет.

УЕФА жарыстарына қатысушы барлық команда үшін әйелдер командасын ашу туралы шешім 2024 жылы Дублинде (Ирландия) өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды. Бұл шешім әйелдер футболын дамыту және насихаттауға бағытталған.

Осыған сәйкес, Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті футбол клубтарын лицензиялау Ережесіне жаңартулар енгізді. Бұған әйелдер командалары арасында «QFL Әйелдер лигасы» футболдан ҚР Чемпионатына қатысатын әйелдер командасын құру туралы шешім де кіреді. Жаңа ереже 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бұл шешім Қазақстан футболын 2034 жылға дейін дамыту стратегиясының бір бөлшегі саналады. Осы арқылы Қазақстандағы әйелдер футболының жағдайын дамытып қана қоймай, спортшы қыздар үшін тең мүмкіндік сыйлап, халықаралық аренада еліміздің позициясын нығайту жатады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz