Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы – 1927 жылдан бері өткізіліп келе жатқан шахматшылардың негізгі командалық жарысы.
FIDE 45-ші шахмат олимпиадасының аяқталуына небәрі екі тур қалғанда Қазақстан әйелдер құрамасы жеке дара көш бастады. 9-турда Қазақстан турнирдегі ең мықты қарсыластардың бірі Польша Польшаны 2,5-1,5 есебімен ұтып, 16 ұпай жинады. Құрама сапынан Алуа Нұрман командасына жеңіс әкелсе, Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова және Ксения Балабаева кездесулерін тең аяқтады.
Осылайша ел құрамасы 16 ұпаймен көш бастаса, Үндістан 15 ұпаймен екінші орында, ал Қытай құрамасында 14 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
Айтпақшы, біздің жігіттер дешахмат олимпиадасында өнер көрсетуде. Командамыз кезекті жарыс күнінің қорытындысы бойынша 8-орынға көтерілді.