Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Қазақ баласы еуропалық клуб сапында гол соқты

Қазақстандық футболшы Ғалымжан Кенжебек кипрлік «Акритас Хлоракас» командасында негізгі құрамда алғашқы ойынын өткізді. Екінші дивизионның екінші турындағы матчта оның командасы өз алаңында «Асил Лисиді» қабылдады. Қорытынды есеп 4:0. Кенжебек 22-минутта есеп ашса, 50-минутта командасының соңғы, төртінші голын соқты.

Бірінші гол соғылған жағдайда Ғалымжан айып алаңының шетінде допты қабылдап, қақпаға жойқын соққы бағыттаса, екінші голды да айып алаңының сыртынан соқты. Кенжебек үшін бұл жаңа клуб сапында өткізген екінші матч.

Айта кетейік, Ғалымжан Тараздың тумасы, «Қайрат» футбол клубының  тәрбиеленушісі. Алдымен «Мақтаарал» сапында өнер көрсетіп, биылғы жылдың бірінші жартысын «Жеңіспен» бірге өткізіп, 14 кездесуде бір гол соқты.

Болашағынан зор үміт күттіретін жас талант Қазақстан жастар құрамасы сапында бес кездесуге қатысып үлгерді. Ол осы жазда еркін агент ретінде «Акритас Хлоракасқа» қосылды. Екі турдан кейін Кенжебектің жаңа командасы алты ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға ие болды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz