Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Қазақстанда 12 мыңға жуық ауыл баласы қатысатын ауқымды жоба басталады

Алматыда «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен ауыл спортын дамытуға арналған AUYLSPORT жобасының таныстырылымы өтті.

Шарада AUYLSPORT жобасының ауылдық аймақтардағы бұқаралық спортты дамытудағы рөлі мен маңызы, алдағы жоспарлар және өңірлерде өтетін спорттық іс-шаралар туралы толық ақпарат ұсынылды. Жобаны «Halyk» қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлы таныстырды.

Таныстырылымға еліміздің спорт саласындағы мақтанышы, танымал спортшылар, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраев және Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев және өзге де спортшылар қатысты.

Атап өту керек, жоба аясында 6 спорт түрін қамтуды көзделуде. Олар: бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол, шахмат.

«Елдегі спорт саласындағы жетістіктерді, көрсеткіштерді олимпиада ойындарымен байланыстыратынымыз жасырын емес. Олимпиада жүлдегерлерінің басым көпшілігі ауылдан шыққан спортшылар екен. «Халық» қайырымдылық қоры ауыл футбол жобасын қолдау барысында кездескен мәселелерді назарға ала отырып және ауылдық елді мекендерде футбол ғана емес басқа да спорт түрлерін дамытуға үлес қосу үшін «Ауыл спорт» жобасын қолға алды. Жоба аясында еліміздің барлық өңірінен 6 спорт түрі бойынша 12 мыңға жуық ауыл баласын қамту көзделуде», — деп атап өтті шарада «Халық» қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Жоба қалай жүзеге асады? Біріншіден, өңірлер аумақтарға бөліп, топтастырылған. Әр аймаққа координаторлар бекітілген.

«Жоба аясында жоғарыда айтқан 6 спорт түрінен 8-14 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер арасында аймақтық турнирлер мен осы турнир жеңімпаздары арасында республикалық қорытынды жарыс ұйымдастыру, жаттықтырушыларды оқыту, олардың біліктілігін арттыру, тақырыптық семинарлар өткізу, судьялар ісіне, коммуникациялық дағдыларға және әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге үйрету, турнир женімпаздарымен жүлдегерлерін спорттық формалар мен жаттығу құралдарымен қамтамасыз ету, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру, республикалық турнир жеңімпаздарын беделді республикалық және халықаралық турнирлерге қатысуын қамтамасыз ету, жыл қорытындысымен жобаның үздік спортшыларын марапаттау, AUYLSPORT АWARDS сыйлығын тағайындаудың салтанатты іс-шарасын ұйымдастыру жоспарланып отыр», — дейді Ғалымбек Жақсылықов.

Бокс, күрес және каратэ спорты бойынша аймақтық турнирлер 4 салмақ дәрежесі бойынша (40 кг дейін, 40-50 кг, 50-55 кг, 55 кг және жоғары), баскетбол және волейбол 2 жас аралығы бойынша қыздар және ұлдар (10-14 жас аралығы және 14-17 жас аралығы), шахматтан 4 жас аралығы бойынша (6-8, 8-12, 12-14, 14-тен жоғары) жүргізіледі.

Өңірлік лиганың жеңімпаздары спорттық форма және жаттығу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Республикалық қорытынды лиганың жеңімпаз спортшылары мен командаларына арнайы орындарда оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz