Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Әбікеннің «крышасы» кім?

Аустрияға қарсы өткен матчтан кейін жанкүйерлер Айбол Әбікенді сынға алды.

«Бірінші бол» ютуб арнасының жүргізушісі Олжас Байбосын арнайы видео түсіріп «Әбікеннің крышасы кім?» деп сауал тастапты. Блогердің ойынша Айбол Әбікен кешегі ойында сүреңсіз ойнады дейді. «Оны ұлттық құрамаға шақырған кім?», – деп байбалам көтеріпті. Иә әркімнің өз ойы бар. Біз ешқандай да қарсы емеспіз. Қоғамда әркім өз пікірін айтуға құқысы бар. Жанкүйер ретінде сынап, журналист ретінде сараптама жасап, блогер кетінде пікір білдіре алады. Ешкімнің аузына қақпақ бола алмайсың дейді ғой атам қазақ. Комментатор Олжас Байбосынның осы бір пікіріне тек өзімізше жауап іздеп көрсек деп едік. Оған біздің де қақымыз бар. Сонымен…

Айбол Әбікен қазақ футболындағы дарынды ойыншылардың бірі. Оны сонау жасөспірімдер құрамасында жүрген кезінен бапкерлер бірден байқады. Кейіннен жастар құрамасы арқылы ұлттық құрамаға алынды. «Қайрат» командасының сапында еурокубок ойындарына қатысып шыңдалды. Халықаралық ойындардың 18-іне қатысып, тәжірибие жинады. 2020 жылы чех маманы Михал Билек оны құраманың негізгі ойыншысы қылды. Мысалы, сол жылдың қарашасында Айбол Әбікен допту тура ортадан бастай беріп, Албания қақпасына ғаламат гол салды. Тек қазақстандық жанкүйер ғана емес, бүкіл Еуропа фанаттары «мынау фантастика!» деп бағалады. Әлемдік БАҚ беттеріне шығып, қазақ футболы үлкен жарнамаға ілінді. Италия А сериясында тұратын Этрит Бериша деген қақпашының өміріне таңба қалдырған сол голдың авторы – Айбол Әбікен еді ғой.

2022 жылы Қазақстан құрамасы Молдовамен сырт алаңда ойын өткізген еді. Сол матчта бірінші таймнан кейін алаң иелері жеңіп жатты. Екінші таймның басында Думан Нәрзілдаевтың орнына Айбол Әбікен алаңға шықты. Шықты да, ортаның барлығын өз қолына алды. Командамыз қорғаныстан шығып, шабуылдай бастады. Сүйтіп жүріп 2 гол салып, Андрей Карповичтің командасы сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осы жеңіс Айбол Әбікеннің арқасы десек артық емес. Өйткені тура сол матчтың екінші таймын қайталап көрсеңіз соған көзіңіз жетеді. Сол кезде қазақстандағы футбол жанкүйерлері «о тамаша, жарайсың Айбол», «Әбікен керемет ойнады» деп баға беріп жатты.

Одан кейін Айболдың карьерасында келеңсіз жайт орын алды. Допинг дауына ұшырап 2 жыл кәсіпқой деңгейде футбол ойнай алмады. Енді содан шығып, алаңға қайта оралып, бірінші мәрте ұлттық құраманың негізгі құрамында алаңға шығып еді – жанкүйер жағы талап-жеп барады. Иә оның ойын тәжірибиесі жоқ шығар. Ол араға 2 жыл салып ұлттық құрама сапына қайта келіп отыр. Мұндай кезде ең маңызды деген орталық алаңда ойнайтын жартылай қорғаушыға қолдау қажет еді ғой. Жоқ, біз болсақ керісінше жерден алып, жерге саламыз. Кезінде еңбегі бар еді, ұлттық құрамаға әлі де берері мол қазақтың баласы еді ғой деу атымен жоқ.

Енді бір қызық айтайын. Станислав Черчесов және федерация басшылығы Аустрия жерінде жүргенде арнайы мамандар жалдап Қазақстан құрамасының футболшыларының физикалық жағдайын тексерген. Соның қорытындысы бойынша Айбол Әбікен Ұлттық құрамадағы 26 ойыншының ішіндегі физикалық даярлығы ең күшті, әрі ең шыдамды (выносливость) футболшы болып шықты. Дәрігерлер мен ғылыми қызметкерлер бұл ойыншы мынандай көрсеткіштерімен алдағы уақытта тек қана прогресс жасайды деп қорытынды жасап берді. Забицер, Зайвальд және Лаймер секілді Бундеслиганың ТОП клубтарында ойнайтын тісқаққан жартылай қорғаушыларға ортада жүріп қарсы ойнау дәл қазір Айбол үшін қиын. Бірақ, алдағы уақытта Айбол Әбікен негізгі құрамның нағыз орталық сардарына айналады деп күтемін өз басым.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz