Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жекпе-жек

Қазақстан құрамасы самбодан әлем чемпионатын екінші орынмен аяқтады

Астанада самбодан тарихи әлем чемпионаты мәресіне жетті. Соңғы жарыс күні Нұрила Асанқызы (жауынгерлік самбо, +80 келі) чемпион атанса, Талғат Жиентаев (жауынгерлік самбо, +98 келі), Бақытжан Дүйсембеков (жауынгерлік самбо, 79 келі) және Серікбай Неғмет (спорттық самбо, 71 келі) жеңіске жетті. Қымбат Ахмет (жауынгерлік самбо, 50 келі) мен Асқар Қайыров (зағиптар категориясы, 98 келі) ел қоржынына қола медаль әкелді.

Жалпы медальдық есепте Қазақстан құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 9 қола медальмен 2-орынға тұрақтады. Бірінші орында бейтарап ел (FIAS-1) – 16 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль. Үшінші орын бейтарап ел (FIAS-2) – үш алтын, екі күміс, төрт қола медаль.

Бұған дейін біздің спортшылар 2014 жылы Жапонияда өткен әлем чемпионатында жалпы есепте осындай жоғары нәтижеге, яғни екінші орынға қол жеткізген болатын.

Әлем чемпионатына 80 елден 470 спортшы қатысты.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2024 insports.kz