Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Өмір салты

Легионерлерді мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынады

Елімізде кәсіби спортты мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға қатысты жаңа ережелер ұсынылды. Заң жобасы бойынша, кәсіби клубтарды ұстауға мемлекет тарапынан қаржыландыру лимиттері белгіленетін болады. Бұл шара бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттырады.

Заң жобасында тағы да бір маңызды өзгеріс бар: ҚР азаматтары болып саналмайтын спортшыларды мемлекеттік бюджет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу.

«Бұл өзгерістер спорттық саладағы басқаруды оңтайландырып, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Біз жоғары жетістіктер спортына ерекше көңіл бөліп, кәсіби спорттың қаржыландыру жүйесін тұрақты әрі әділ етуді мақсат етіп отырмыз», – деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Күні кеше кезекті отырыста депутаттарымыз да осы мәселені көтерді. «Самұрық-Қазына» қорының «Астана» велокомандасына неге қыруар қаржы жұмсайтынын депутаттар түсінбей, әлек болды десек артық айтқанымыз емес.  Осы орайда Мұрат Әбенов елордалық велокомандаға қатысты тың ақпараттармен бөлісті.

«Еліміздің туын көтермейді. Қазақстанға келмейді. Олар Еуропада өнер көрсеткен соң, қайтып келмейді. Команданың 29 мүшесінен тек 10 шабандоз ғана Қазақстан азаматы. Біздің бауырларымыздың бір де бір фамилиясы жоқ. Мамыр айында тексеру жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар анықталды. «Самұрық Қазына» қорынан 31 миллиард тенге қаржы бөлінген. Еліміздегі бұқаралық спортқа 35 миллиард тенге бөлінсе, тек шет елде ғана өнер көрсететін бір «Астананың» өзіне 31 миллиард тенге бөлінген. Соңғы 3 олимпиадада нәтиже көрсете алмады.Команда капитаны Токиода 21-нәтиже, ал Парижде 51-нәтиже көрсеткен. Қай уақытқа дейін қаржыландыруға болады?», — дейді депутат.

Жаңа заң жобасы күшіне енсе, ел азаматтарының спортта да, қаржылық қолдауда да басымдыққа ие болуын қамтамасыз етеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2024 insports.kz