Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионы Нұрбек Оралбайдың Таиландта өтетін Азия чемпионатына неліктен қатыса алмайтынын айтты.
«Нұрбек Оралбай екінші оқу-жаттығу жиынына қатыса алмайды. Себебі Олимпиадаға дейінгі лицензиялық турнирде мұрнын жарақаттаған. Ал Парижде мұрны сынған. Енді ота жасатқысы келіп, клиника іздеп жатыр», — дейді маман.
Айта кетейік, бокстан 2024 жылғы Азия чемпионаты Чиангмайда (Таиланд) 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді. Бастапқыда чемпионатты Амманда (Иордания) өтуі тиіс еді. Кейін қауіпсіздікке байланысты турнир кейінге шегерілді.
Азия чемпионатына Қазақстан құрамасынан келесі боксшылар қатысады.
48 келі. Санжар Тәшкенбай
51 келі. Сәкен Бибосынов
54 келі. Махмұд Сабырхан
57 келі. Оразбек Асылқұлов
60 келі. Бейбарыс Жексен
63,5 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
67 келі. Дулат Бекбауов
71 келі. Абылайхан Жүсіпов
75 келі. Диас Молжігітов
80 келі. Ерасыл Жақпеков
86 келі. Бекзат Нұрдәулетов
92 келі. Сағындық Тоғамбай
+92 келі. Айбек Оралбай