Энди Маррей «Үлкен дулыға» турнирінің 24 дүркін жеңімпазымен Аустралия ашық чемпионатына дейін маусымаралық кезеңде жұмыс істейді. Энди Маррей Джокович, Надаль және Федерермен бірге ұзақ жылдар бойы ерлер теннисінің «Үлкен төрттігін» құрады.
«Біз бала кезімізден бір-бірімізбен ойнаймыз. 25 жыл бойы бәсекелес болдық. Теннисте арамызда жойқын шайқастар болды. Бізді «ойынды өзгертушілер», «тәуекелшілдер», «тарих жасаушылар» деп атады. Біздің тарихымыз аяқталды деп ойладым. Бірақ, оның соңғы тарауы бар екен. Ең мықты қарсыластарымның бірі менің бұрышыма қадам басатын кез келді. Бортқа қош келдіңіз, жаттықтырушы Энди Маррей», — деп жазды Новак Джокович әлеуметтік желіде.
Маррей 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарынан кейін спорттан кетті. Ол Джоковичпен өткен 36 кездесудің 11-інде жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қарашада Джоковичтің бұрынғы бапкері Горан Иванишевич Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны жаттықтыратыны белгілі болды.