Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Григорий Бабаян: «Болашақта Сейсен Қазақстандағы нөмірі бірінші қақпашы болады»

«Астананың» қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен елордалық клуб сапында Лига кубогы мен Конференция лигасындағы соңғы матчтарында тамаша өнер көрсетті. Бірақ оның келесі маусымдағы болашағы белгісіз. Елордалық клубтың бас бапкері Григорий Бабаян қақпашының келісімшарты мен келешегі туралы сөз қозғады.

Бапкер Сейсеннің Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы бола алатынын атап өтті.

«Мен Мұхаммеджанды бұрыннан білемін. Ол «Астанаға» ауысқанға дейін тіпті ұлттық құрамаға да шақырту алмаған еді. Бірақ, қазір оның жоғары деңгейде ойнайтынын білеміз. Қақпашыларды қалай дайындау керек екенін мен білемін. Болашақта Сейсен Қазақстандағы нөмірі бірінші қақпашы болады», — деді Бабаян.

Естеріңізге сала кетейік, Сейсен «Астанаға» биыл «Ордабасыдан» ауысып келген. Елордалық клуб сапында ол турнирлерде бес матч өткізді. 25 жастағы қақпашы кәсіпқой мансабын «Тараз» футбол клубынан бастаған.

 

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2024 insports.kz