Әйелдер арасында әлемнің екінші ракеткасы польшалық теннисші Ига Швентек допинг сынамасының оң нәтижесіне байланысты бір айға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды insports. Kz Теннистің халықаралық агенттігінің (ITIA) мәлімдемесіне сілтеме жасап.
ITIA мәлімдемесіне сәйкес, теннисшіден Париждегі Олимпиада ойындарында үшінші орын иеленгеннен кейін, 12 тамызда алынған допинг сынамасының үлгісінен тыйым салынған триметазидин (TMZ) препараты табылған. Бұл медицинада стенокардия ұстамаларын азайту және физикалық төзімділікті арттыру үшін қолданылады. Ресми допингке жатады және оны спортта қолдануға тыйым салынады.
Тәуелсіз тергеу тыйым салынған зат Швентектің денесіне оның ұйқы циклін реттеу үшін қабылдаған мелатонин арқылы енгенін анықтады. Осы жағдайларға байланысты Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) пен ITIA Швентектің допингті әдейі қабылдамағанын анықтады. Бұл ауыр жазаға әкеп соқтырмайды. Осылайша әлемнің екінші ракеткасы бір айға дисквалификацияланды және 4 желтоқсанда кортқа қайта оралуы мүмкін. Сонымен қатар, Швентек сынама алынғаннан кейін Цинциннатиде (АҚШ) өткен WTA-1000 турниріне қатысқаны үшін алған ақшалай сыйлықтарынан қағылды.
Айта кетейік, дәл осы триметазидинді қолданғаны үшін ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева төрт жылға дисквалификацияланды. Ал, польшалық теннисші жеңіл жазамен құтылып, 4 желтоқсанда кортқа шығуға дайын.