Аргентиналық жартылай қорғаушы Леонель Струмия, беларусь қорғаушысы Дмитрий Бессмертный және хорватиялық қорғаушы Матео Барак командадан кетеді.
32 жастағы аргентиналық «Ақтөбе» сапына 2022 жылы қосылып, екі маусымда клуб сапында 58 ойынға қатысқан. Осы уақыт ішінде Струмия өзін команданың негізгі ойыншысы және көшбасшысы ретінде көрсете білді. Көбінесе алаңға капитан ретінде шықты.
Қазақстандық клубқа ауысқанға дейін Леонель Струмия Аргентина мен Еуропаның бірнеше командаларында, соның ішінде «Атлетико Алумни» мен латвиялық «Лиепаяда» өнер көрсетті.
Сондай-ақ «Ақтөбе» Бессмертныймен еңбек шартын ұзартпайды. Өткен маусымда Дмитрий 31 матч өткізіп, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Матео Барах осы маусымда 25 матч өткізіп, бір гол соқты.
Айта кетейік, биылғы маусымда «Ақтөбе» Қазақстан чемпионатында үшінші орын алып, Қазақстан кубогын жеңіп алды. Игорь Леонов келесі маусымда «қызыл-ақтардың» бас бапкері болып қалады.