Парижде «Алтын велосипед» сыйлығын табыстау рәсімі – «Vélo d’Or» өтті. Лотте Копеки мен Тадей Погачар 2024 жылғы маусымның жеңімпаздары атанды.
Әйелдер арасында Копеки бұл сыйлықты 2024 жылғы ең жоғары марапаттары үшін алды. Ол әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, Париж-Рубей, Туре de Romandie, Simac Ladies Tour, Страде Бьянке жарыстарында жеңіске жетті. Сонымен қатар, ол Олимпиадада қола жүлдеге қол жеткізіп, Джиро д’Италияда жалпы есепте екінші орынға ие болды. Айта кетейік, спортшы Финляндиядағы оқу-жаттығу жиынында болғандықтан, марапаттау рәсіміне өзі келе алмады.
Ерлер арасында Погачар үздік атанды. Шабандоздың еншісінде биылғы маусымда 25 жеңіс бар. Оның ішінде Джиро д’Италия, Тур де Франс және т.б. Айта кету керек, Погачар 2021 жылы Velo d’Or жүлдесін жеңіп алды.
Копеки мен Погачар 2024 жылғы классикада да үздік шабандоз атағын алды.
Естеріңізге сала кетейік, Vélo d’Or — велоспорттағы ең беделді марапат. Ол жыл сайын әлемнің ең үздік велошабандоздарына беріледі.