Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Қазақстан әлде Өзбекстан? Құрамамыз Азия чемпионатында қандай нәтиже көрсетті

Таиландта өткен бокстан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бүгін финалдық бәсекеде тоғыз боксшымыздан алғашқы болып шаршы алаңға шыққан Санжар Тәшкенбай өзбекстандық Шодиержон Меликузиевтен жеңіліп қалды.

Ал Махмұд Сабырхан Шахзод Музафаровты жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Оразбек Асылқұлов Миразибек Мирзахалиловке есе жіберіп, күміс медаль еншіледі. Дулат Бекбауов, Диас Молжігітов, Абылайхан Жүсіпов те  өзбек боксшыларына жол берді.

Бекзат Нұрдаулетов Жасурбек Юлдошевтен айласын асырып, Азия чемпионы атанды. Сағындық Тоғамбай тәжікстандық Парвиз Каримовты жеңді. Ал Ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай шешуші жекпе-жекте қытайлық Ремула Абдурекситиді жеңіп, ел қоржынын тағы бір алтын жүлдемен толықтырды.

Осылайша 4 алтын, 5 күміс, 1 қола медальмен құрамамыз жалпы есепте екінші орынға ие болды. Әдеттегідей, Өзбекстан құрамасы көш басында – 8 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2024 insports.kz