Бұл туралы Гаджи Гаджиев пен Халықаралық федерация басшысы Мохаммед Джалуд Әл-Шаммари, Азия федерациясының басшысы Мухамед Юсеф Әл-Мананың ресми кездесуінде айтылды. Турнирдің өтетін орны мен уақыты кейінірек хабарланады.
Сондай-ақ Дохада (Катар) өткен шара аясында ауыр атлетиканы дамыту және ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.Бұдан бөлек Ғаджи Ғаджиевке алғыс хат табысталды,
«Сіздің күш-жігеріңіз біздің спорт түрін алға жылжытуда және бүкіл құрлықтағы спортшылардың шеберлігін арттыруда маңызды рөл атқарды. Біздің миссиямызды ілгерілетуге деген адалдығыңыз баршамызды шабыттандырады, ал сіздің қолдауыңыз федерацияның негізін және болашаққа деген көзқарасты нығайтады. Сіздің қажырлы еңбегіңізді жоғары бағалаймыз және бірлескен жетістіктеріміздің жаңа биіктерін асыға күтеміз», – деп атап өтті Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Юсеф Әл-Мана.
Айта кетейік, Гаджи Гаджиев11 желтоқсан күні Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті болып тағайындалды.