Андрей Мартин – «Ордабасы» клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды. Молдова маманы клубпен келісімшартқа отыруы үшін бүгін Шымкентке келді. Бұған дейін Андрей Михайлович «Петрокуб» командасында жұмыс істеді. 23/24 маусымында Молдова чемпионаты мен Молдова Кубогын жеңіп алып, клубты УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңіне шығара білді.
««Ордабасы» футбол клубына келгеніме өте қуаныштымын. Клубтың тарихының бір бөлігі болғым келеді. Шымкенттік жанкүйерлерді қуантатын істер атқарамыз деген ойдамыз. басшылық алға қойған мақсаттарға клубты жетелеу үшін жақсы нәтижелерге қол жеткізуге тырысамыз.
Алғашқы кездесу жазғы еуропалық науқанда болды. Маған қала мен команда ұнады. Мен мұнда ойыншы ретінде келдім. Сол кезде неге екені белгісіз, бәлкім бір күні бапкер болармын деп ойладым. Менің бапкерлік жұмысымның негізгі философиясы бар – ол нақты ойын үлгісіне негізделген. Команданың жоғары қарқынды және агрессивті ойыны болуы өте маңызды. Мұнда әркім өзінің футбол алаңындағы рөлін анық түсінеді.
Мен журналистерге Қазақстанға жақсы естеліктермен оралғанымды айттым. Бұл мейірімді, жанашыр халқы бар жақсы ел. Мен клубтың дұрыс бағытта жүруі үшін бар күшімді салатыныма және жанкүйерлеріміздің әрқашан қуануға негіз болатынына сенімдімін», — деді Мартин.
Айта кетейік, күні кеше Кирилл Кеккер келісімшарттың аяқталуына байланысты клуб сапынан кетті.