Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Айдар жоқ

Қазақстан құрамасы Нидерландымен кездеседі

14 желтоқсанда Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 2024 жылғы футзалдан Әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Нидерланд құрамалары арасында  матч өтеді. Ойынның басталуы – 20:30.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Румыния, Әзербайжан және Нидерланд құрамаларымен бірге А тобына түсті. Төрт ойыннан кейін ұпайдан шашау шығармаған Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен көш бастап тұр. Ал қоржынында 1 ұпайы бар Нидерланд құрамасы төртінші орында келеді.

Екі құрамаға бұған дейін екі мәрте кездесіп, екі ойын да Қазақстанның пайдасына шешілді. Алғаш рет 2019 жылы Румынияның Пьятра-Нямц қаласында кездесіп, Қазақстан құрамасы қарсыласын 5:0 есебімен жеңген болатын.  Биыл іріктеу кезеңі аясында Қазақстан сырт алаңда Нидерландты 2:0 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасы Еуропа рейтингінде – 4-орында, әлем рейтингінде –  7-орында. Нидерланды құрамасы Еуропа рейтингінде – 18-орында, әлем рейтингінде 34-орында. Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, 2024 жылғы 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтетін 2024 жылғы әлем чемпионатының финалдық турниріне шығуға мүмкіндік алады.

Футзалдан әлем чемпионаты элиталы кезеңінің іріктеуі 14-20 желтоқсан күндері аралығында өтетін матчтармен аяқталады. Бұл кезеңде әлем чемпионаты финалдық кезеңіне қатысушысы жеті команданың бесеуі анықталады.

Элиталы раундтағы бес топтың жеңімпаздары финалдық кезеңге тікелей жолдама алады, ал екінші орын алған төрт үздік команда плей-офф матчтарында ойнайды. Олардың жеребесі 2024 жылдың 25 қаңтарда тартылады, ал ӘЧ жолдамасы үшін қалған екі матч 2024 жылдың 8-17 сәуір күндеріне жоспарланған.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz