Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Алматыда Eurasia Jastar Cup халықаралық хоккей турнирі өтеді

1 және 4 ақпан аралығында Алматыда Eurasia Jastar Cup халықаралық хоккей турнирі өтеді.

18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы жарыстарды «Халық Арена» қабылдайды. Бір жыл бұрын турнир Астанадағы «Барыс Аренада» өткен болатын. Қатысушылар құрамы өзгеріссіз қалды. Өткен жылғыдай Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан басқа, 18 жасқа дейінгі Беларусь командасы, 16 жасқа дейінгі Ресей және Ресей қыздар құрамасы қатысады. Матчтар айналымдық жүйемен өтеді. Негізгі хоккей турнирінен басқа, 3х3 турнирін өткізу жоспарланып отыр.

Eurasia Jastar Cup кестесі:
1 ақпан, 15:00 – Ресей U16 – Ресей қыздар
1 ақпан, 19:00 – Қазақстан U18 – Беларусь U18
2 ақпан, 15:00 – Беларусь U18 – Ресей U16
2 ақпан, 19:00 – Қазақстан U18 – Ресей қыздар
3 ақпан, 11:30 – 3х3 турнирі
Қазақстан U18 – Ресей қыздар

Ресей U16 – Беларусь U18
3-орын үшін матч
Финал
4 ақпан, 12:00 – Беларусь U18 – Ресей қыздар
4 ақпан, 17:00 – Қазақстан U18 – Ресей U16

Бұл турнир Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының 2024 жылғы әлем чемпионатына дайындық кезеңдерінің бірі болмақ. Бір жыл бұрын біздің команда ІА дивизионында бірінші орын иеленіп, 21 жылдан кейін жасөспірімдер хоккейінің элитасына қайта оралды. Жасөспірімдер чемпионаты 2024 жылдың 25 сәуірі мен 4 мамыры аралығында Финляндиядағы Эспо және Ванта қалаларында өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz