Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Әмір Омарханов Australian Open турнирінің бірінші ракеткасын ұтты

16 жастағы Омарханов жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық біріншілігінің алғашқы айналымында тамаша жеңіске жетті.

Жарыстың алғашқы кезеңінде қазақстандық теннисші турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген италиялық Федерико Чиноймен сынға түсті. Матч 0:6, 6:3, 6:3 есебімен аяқталды. Бұл Әмірдің Федериконы екінші рет жеңуі. Қос теннисші арасындағы алғашқы кездесу 2023 жылдың қарашасында жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының финалдық кезеңінде өткен болатын.

Айта кетейік, Омарханов жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 26-шы орында. Ол Петр Нестеровтың жетекшілігімен жаттыққан, Қарағанды ​​теннис мектебінің түлегі. Әмір қазір Белградтағы Янко Типсаревич академиясында шеберлігігін шыңдауда. Қазақстандық теннисшіні Неманья Лалич жаттықтырады. Ол ITF Juniors турнирлерінде жекелей және жұптық сайыстарда 5 рет жеңіске жеткен.

Сонымен қатар бірнеше  қазақстандық теннисші іріктеу кезеңіне қатысқан болатын. Даниал Рахматуллаев күтпеген жерден румыниялық Стефан Хейттен 4:6, 5:7 есебімен жеңіліп қалды. Ал Виталий Зацепин іріктеу турнирінің алғашқы кезеңінен әрі аса алмады. Оны аустралиялық теннисші Зейн Стивенс жеңді — 3:6, 3:6.

Қыздар арасында Соня Жиенбаева Қазақстан атынан өнер көрсетті. Өкінішке қарай ол аустралиялық Алана Субашичтен жеңіліп қалды – 3:6, 6:1, 4:6.

Ал ертең, 21 қаңтарда Астана уақытымен сағат 8:00-де жасөспірімдер арасында Аустралия ашық біріншілігінің негізгі кезеңінде, 1/32 финал аясында 17 жасар Алматы теннис мектебінің түлегі Асылжан Арыстанбекова өнер көрсетеді. Ол әлемдік жасөспірімдер рейтингінде 68-ші орында. Жекелей сында қазақстандық жас теннисші бір титулға қол жеткізсе, жұптық сайыста ITF Juniors турнирлерінде 13 жүлде иеленді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz