Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Канвон 2024. Ел қоржыны тағы бір медальмен толықты

Бүгін, 25 қаңтар Канвон қаласында (Оңтүстік Корея) жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан мен Аустрия құрамалары арасында 3х3 хоккей турнирінде үшінші орын үшін матч өтті.

Кездесу 6:5 (1:4, 2:1, 2:1) есебімен қазақстандық хоккейшілердің жігерлі жеңісімен аяқталды. Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар командамыз топтық кезеңдегі жеңілісі үшін аустриялықтарға есе қайтарды. Бұл Қазақстан үшін Канвон Олимпиадасындағы үшінші медаль. Бұған дейін Илья Мизерных шаңғымен секіруде алтыннан алқа тақса, Полина Омельчук шорт-тректен қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, 3х3 хоккей турнирінде финалда Латвия мен Дания құрамалары кездеседі.

Өкінішке қарай, бүгін конькимен жүгіруден Қазақстан ұлттық құрамасы Канвондағы жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында аралас эстафеталық финалға өте алмады.

Отандық конькишілер жартылай финалдық жарыстан шеттетілді. Төрт команда ғана жолдама алған финалдағы мүмкіндіктерін уыстан шығарып алды. Ал жартылай финалда үздік нәтиже көрсеткен Нидерланды, Оңтүстік Корея, Қытай және Жапония спортшылары жүлделі орындарды сарапқа салады. Шешуші бәсеке бүгін кешке өтеді. Аталмыш жарысқа еліміздің атынан Кристина Шумекова мен Руслан Жанаділов қатысты.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

Теннис

Бүгін, 3 қарашада Мексиканың Канкун қаласында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен белорусь теннисшісі Арина Соболенко арасында WTA финалдық турнирі аясында кездесу өтті. Бакалар...

Футбол

Бахтиёр Зайнутдинов Стамбулда алаңға бетперде киіп шығуы мүмкін. «Бешикташтың» бас бапкері Риза Чалымбай Конференция лига топтық кезеңінің бесінші турындағы Бельгияның «Брюгге» командасына қарсы өтетін...

Теннис

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина беларуссиялық Арина Соболенкодан жеңіліп, Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан WTA финалдық турниріндегі өнерін аяқтады. Рыбакина Соболенкодан үш сетте 2:6,...