Өзбекстандық журналист Джалол Ахмедов әлеуметтік желіде Өзбекстан құрамасының боксшылары бапкер Тулкин Киличевтың хал-жағдайын сұрауға ауруханаға келген бейнежазбасын жариялады.
«Тулкин Киличев бірден 5 Олимпиада чемпионын дайындады. Олардың екеуі екі дүркін алтын жүлдегер. Өзбекстан сенімен мақтанады. Сәттілік тілеймін», — делінген жазбада.
Естеріңізге сала кетейік, 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Хасанбой Дусматов жеңіске жеткеннен кейін Киличев боксшыларға арналған жаттығу алаңында есінен танып, жүрегі тоқтап қалған болатын. Оған көмекке Ұлыбритания құрамасының дәрігері Хардж Сингх пен физиотерапевт Робби Лиллис келіп, дефибрилляторды қолданып, бапкердің өмірін сақтап қалды.
Бокстан ерлер құрамасы 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында барлық жеті салмақта өнер көрсетті, оның бесеуінде алтын алды.
Тулкин Киличев Өзбекстан бокс құрамасын 2014 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның шәкірті Хасанбой Дусматов осы уақыт аралығында ел қоржынына екі алтын медаль салды. Парижге дейін ол 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен ойындарда жақсы өнер көрсетті.