«Астана» футболшылары Конференция лигасының жалпы кезеңінде Португалияның «Витория Гимарайнш» командасымен тең ойнады. Төртінші тур кездесуі Алматыда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері бірінші болып 40-минутта есеп ашты. Бранимир Калаица айып алаңынан допты қақпа бұрышына дәл тигізді. Бруно Варела дәрменсіз болды.
63-минутта астаналықтар Джеффри Чинедудың күшімен есепті еселеді. Бірақ нигериялық футболшы шабуыл барысында қарсыласына қарсы дөрекі ойнады. Нәтижесінде гол есепке алынбай, Чинедуға сары қағаз көрсетілді.
Өкінішке қарай Григорий Бабаян шәкірттері 89-минутта Хесус Рамиресті тоқтата алмай, гол жіберді. Осыған қарамастан «Астана» «Виторияның» Конференция лигасындағы 3 матчтық жеңісті сериясын үзді.
Қазіргі уақытта «Витория» Конференция лигасының жалпы кестесінде 10 ұпаймен көш бастап тұр, ал «Астана» 4 ұпаймен 20-орында. Келесі турда «Астана» 12 желтоқсанда Алматыда «Челсиді» қабылдаса, 19 желтоқсанда сыртта кипрлік АПОЭЛ командасымен ойнайды.
Конференция-Лигасының жаңа форматы бойынша әр команда негізгі кезеңде әртүрлі қарсыластарға қарсы алты матч (үш үйде және үш қонақта) өткізеді. Жалпы кестедегі ең үздік сегіз команда тікелей 1/8 финалға өтеді. 1/8 финалда ойнау құқығы үшін плей-офф кезеңіне 9-24 орын алған командалар қатысады. Ұпайлар тең болған жағдайда орындарды анықтауда шешуші факторлар: доп айырмасы, соғылған голдар, сырттағы голдар, жеңістер, сырттағы жеңістер, қарсыластардың жинаған ұпайлары ескепке алынатын болады.