2024 жылғы 19-25 желтоқсан аралығында Катарда Доха қаласында ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтуде. Турнирге Қазақстан атынан 29 спортшы қатысуда. 21 желтоқсан күні сынға түскен қазақстандық зілтемірші қыздар 55 кг салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында екі медаль жеңіп алды.
Дарья Балабаюк қоссайыстың жалпы есебінде 185 кг (83 кг серпе көтеру және 102 кг жұлқа көтеру) нәтижемен үш күміс медаль жеңіп алды.
Берікбол Нұрсила қоссайыстың жалпы есебінде 165 кг (72+93) нәтижемен қола медальға ие болды.
Айта кетейік, аталмыш турнир келер жылы Қазақстанда өтеді. Бұл туралы 20 желтоқсанда Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Шапиевич Гаджиевтің Халықаралық және Азия федерациялары басшылығымен өткен кездесуінде белгілі болды.