Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Құрамамыз Түрікменстанға қарсы жолдастық матч өткізеді

Қазақстан құрамасы 8 наурызда УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекиямен өтетін ойын алдында Дубайда оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Ал 14 наурызда Түрікменстан құрамасына қарсы жолдастық ойын жоспарланған.Бұған дейін Қазақстан және Түрікменстан құрамалары өзара үш рет кездескен.

Ұлттық құраманың Грекияға қарсы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің плей-офф матчы 21 наурызда Афина қаласында өтеді. Сондай-ақ құрамамыз Ресейге қарсы матч өткізуі мүмкін. Осы орайда Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев өз пікірін білдірді.

 «Маусым айында өтетін жолдастық кездесулерге қарсыластар іздеп жатырмыз. Бірақ Ресей құрамасымен болатын матч туралы ештеңе білмеймін. Өйткені, қарсыластарды іріктеу федерацияның құзырында. Әрине, Қазақстан футбол федерациясы Қарсылас туралы менімен ақылдасады. Мен Ресей құрамасы туралы ештеңе білмеймін», — деді Адиев.

Жалпы, бұған дейін Қазақстан мен Ресей өзара төрт кездесу өткізді.

09.09.2019 ж. Ресей — Қазақстан 1:0 (Еуро-2020 іріктеу кезеңі. Калининград)

24.03.2019 ж. Қазақстан — Ресей 0:4 (Еуро-2020 іріктеу кезеңі. Астана)

31.03.2015 ж. Ресей — Қазақстан 0:0 (Жолдастық кездесу. Химки)

23.05.2008 ж. Ресей — Қазақстан 6:0 (Жолдастық кездесу. Мәскеу)

Айта кетейік, ФИФА мен УЕФА-ның ұйымдастыруымен өтетін халықаралық турнирлерден шеттетілген Ресей құрамасы келесі ойынын 21 наурызда Сербияға қарсы өткізеді.

 

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz