Бокстан Армения астанасы Ереванда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 54 келідегі Нұрасыл Төлебек финалда үнділік Жатин Жатинді 4:1 есебімен жеңді.
Жалпы турнир барысында боксшылар 26 салмақта (13 — ұл, 13 — қыз) жеңімпазды анықтады. 51 мемлекеттен 357 спортшы бақ сынады. Жүлде саны бойы бойынша топ-5 мемлекет
1. Ресей — 7 алтын, 2 күміс, 7 қола
2. Армения — 4 алтын, 5 күміс, 1 қола
3. Өзбекстан — 4 алтын, 3 күміс, 4 қола
4. Қазақстан — 4 алтын, 6 қола
5. Үндістан — 3 алтын, 9 күміс, 5 қола
Сондай-ақ Ереванда өтіп жатқан әлем чемпионатында 3 қызымыз топ жарды:
54 келі. Аяжан Сыдық — Амиш Керкетта 5:0
60 келі. Толғанай Қасымхан-Кира Леонова 3:2
66 келі. Айсұлу Мұхит Амалиа Тугуй (Румыния) 3:2
Қола жүлде иегерлері:
48 келі. Сила Биболсынқызы
50 келі. Гаухар Зарден
52 келі. Айша Сариева
63 келі. Алина Кудайгенова
80келі. Құралай Егінбайқызы
Айта кетейік, жасөспірім қыздар арасындағы әлем біріншілігінде 3 бірдей жерлесіміз алғаш рет чемпион атанып отыр.