Pro Hokey Ligasy командалары тұрақты маусымдағы өз өнерлерін жалғастыруда.
«Алматы» мен «Номад» арасындағы екінші матчтың негізгі оқиғалары соңғы үшінші таймда өтті. Алаң иелері соңына дейін ойынды ба0ылауда ұстанғанымен, бос қақпаға екі гол жіберіп алды. Николай Шульга (1+1) пен Аңсар Шайхмедденов (0+2) қонақтарға екі гол соқты. «Көшпенділер» үшін бұл жеңіс ағымдағы тұрақты маусымдағы 20-шы жеңіс болды.
«Алматы» — «Номад» 1:4 (0:1, 0:0, 1:3)
0:1 — 15:59 — Гатиятов (Пелевин)
0:2 — 54:12 — Саушкин (Хусейнов, Тетерин)
1:2 — 56:23 — Кожевников (Бурделев, Твердохлебов)
1:3 — 58:05 — Шульга (Шетле, Шайхмедденов) Р.Р.
1:4 — 59:21 — Колесников (Шайхмедденов, Шульга)
Қақпашылар: Колесников – Әмірбеков
Ал «Горняк» Ташкентте «Горнякқа» есе қайтарды. Қонақтарға жеңіс әкелген голдың авторы Денис Гурьев болды. Даниил Войтко серіктестеріне екі рет көмектесті. Бұл табыстан кейін «Горняк» командасы төртінші орында тұрған «Торпедоның» қуып жетті.
«Хумо» — «Горняк» 2:4 (1:0, 0:4, 1:0)
1:0 — 04:45 — Назаревич (Синявский, Кравченко)
1:1 — 20:37 — Садиков (Катков, Кротов)
1:2 — 21:45 — Ляпунов (Войтко)
1:3 — 24:23 — Гурьев (Войтко)
1:4 — 27:14 — Селютин (Шишов)
2:4 — 55:31 — Синявский (Щеголков, Кравченко)
Қақпашылар: Шаймарданов (Чубенко, 24:23-60:00) — Нурек
Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының 13-аптасының қорытындысы бойынша Сергей Твердохлебов үздік ойыншы деп танылды. Алматылықтар өткен аптадағы үш кездесудің екеуінде жеңіске жетсе, әрқайсысында Сергей Твердохлебов гол соқты. «Горнякпен» екі матчта ол соңғы ысқырыққа 32 және 67 секунд қалғанда ойынды овертаймға жалғады. Ал «Номадпен» кездесуде алматылық команда қосымша бес минутта шешуші голды соғып, дубль жасады. Жалпы алғанда, апта ішінде Твердохлебов пайдалылық көрсеткішімен (+1) 5 (4+1) ұпай жинады.