Енді қазақ футболшысы Еуропада доп тебеді.
«Атырау U21» командасының қақпашысы Дулат Талыспаев «Кёге» командасына ауысты. Екі клубтың ынтымақтастық меморандумы арасында даниялық клубтың бапкерлері Дулатты екі апталық қаралымға шақырды. Данияда қақпашымыз өзінің шеберлігін дәлелдеп, «Кёге» командасымен келісімшартқа қол қойды.
Бұл екінші лиганың клубы. 18 турдан кейін «Кёге» 12 қатысушының ішінде оныншы орында тұр және 2011/12 маусымынан бері суперлигада ойнаған жоқ. Клуб тарихындағы ең танымал ойыншы — қазіргі Дания және «Бенфиканың» қорғаушысы Александр Баа. Ол 2016 жылы «Сондерйюскке» клуб үшін рекордтық сома 530 000 еуроға сатылған.
Даниялық клуб та қақпашының ауысқанын жариялады. Клуб директоры Пер Руд 18 жастағы қазақстандық қақпашы Дулат Талыспаевпен келісім-шартқа қол қоюына қатысты пікір білдірді.
«Біз Дулатты жақсы білеміз және оны алғаш көрген сәттен бастап оның әлеуеті зор қақпашы екенінде еш күмәніміз болған жоқ. Ол сапта өте жақсы, бірақ оның әлі де Батыс Еуропа футболы және біздің қақпашыларымыздың қалай ойнайтыны жайлы көп нәрсе білуі керек. Қуанышқа орай, оның керемет жұмыс этикасы және оқуға деген үлкен ықыласы бар. Бұл да оны әкелу себептеріміздің бірі. Ұзақ мерзімді серіктестестік барысында футболшының әлеуетін арттырамыз деп сенеміз», — деді Руд.
Өткен маусымда Талыспаев «Атырау» сапында Freedom QJ League жастар лигасында сегіз ойын өткізді. Ол 41 сейв жасап, 11 гол жіберіп алған. Ал 2022 жылы Талыспаев «Атырау» жастар құрамасы сапында екінші лигада екі ойын өткізді. Қазақстан жастар құрамасына шақырту алып (18 жасқа дейін), бір жолдастық кездесу өткізді.