Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе-жегін 9 наурызда UFC 299 турнирінде америкалық Си Джей Вергараға қарсы өткізеді.
Жекпе-жек туралы Алмабаевтың мүддесін қорғайтын First Round Management басқарушы компаниясы хабарлады. Осы орайда Асу алда өтетін жекпе-жекке қатысты өз пікірімен бөлісті.
«Қарсылас жақсы. Соңғы екі жекпе-жегінде жеңіске жетті. Жан-жақты спортшы. Оның көптеген мықты тұстары бар. Бірақ біз олардың бәрін зерттедік. Жеңіске жетеміз деген үміттеміз. UFC-де жұдырықтасатындар әлсіз болуы мүмкін емес. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең жақсыспорт шеберлері. Спортта жеңіс те, жеңіліс те қатар жүреді. Кейде біреу жақсырақ дайындалып, жеңіске жетеді. Ешбір жағдайда қарсыласыңызды бағаламау керек. Биыл жекпе-жек өткізуге көбірек ұсыныстар түсті. Бірақ жарақатыма байланысты нәтиже болмады. Келесі 2024 жылы үздік бестікке кіріп, чемпиондық атаққа біртабан жақындаймын деп үміттенемін», — деді Асу Алмабаев.
32 жастағы Вергарадың рекорды ММА-да 12-4-1, UFC-де 3-2. Ол 2021 жылдың қыркүйегінде «Dana White Contender Series» арқылы әлемнің ең үздік лигасына енді және бразилиялық спортшы үш рет жеңіске жетті.
UFC-дегі мансабын Вергара Асу сияқты Оди Осборнға қарсы жекпе-жектен бастады. Бірақ Си Джей ямайкалықтан жеңіліп қалды. Содан кейін ол Клейдон Родригесті жеңді, Тацуро Тайрадан жеңіліс тапты, Даниэль Да Силваны нокаутпен жеңіп, Винисиус Сальвадорды тізе бүктірді.
Вергара соңғы жекпе-жегін 29 шілдеде, ал Асу тамызда өткізді. Қыркүйек айында Асу жарақат алды. UFC 299 турнирінің басты жекпе-жек жеңіл салмақтағы чемпион Шон О’Мэлли мен Марлон Вера арасында өтеді. Турнир Майамиде ұйымдастырылады. Бірақ, нақты қай аренада өтетіні ресми жарияланған жоқ.