Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Ордабасы» клубының басшысы ауысады

Бұрынғы басшылық әкімдіктің көңілінен шықпады.

Бауыржан Абдубаитов пен Ұлықбек Асанбаев басқаратын «Ордабасы» клубы өткен жылы чемпион болды. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Алайда, командада еліміздегі ең үздік ойыншылар ойнады. Жоғары деңгейдегі легионерлер доп тепті. Алайда, команда Конференция лигасының алғашқы айналымында жеңіліп, бірден жарыстан шығып кетті. Қазақстан кубогы сайысында да топ жара алмады. «Ордабасының» өз тарихында чемпион болғаны ғана бұл кісілердің абыройын асырып тұр. Алайда, бұл мамандардың қызметіне үлкен күмән бар.

Клуб директоры Бауыржан Абдубаитов БИИК спорт кешенінің басшысы. Көп командалар сонда жаттығады. «Ордабасы» клубы да осы жерді мекендейді. Яғни, биліктен берілген қаржы жеке меншік иелегіне осылай өтіп кетеді десек артық емес. Ал Ұлықбек Асанбаев елімізге танымал агенттердің бірі. Оның қарамағында «Ордабасыдан» бөлек «Мақтаарал», «Тұран», «Қайсар» секілді клубтар бар. Мысалы, «Қайсар» сапындағы Виталий Приндетте, Степан Сикач, Бақдәулет Зульфикаров — барлығы да Ұлықбек Пахретдинұлының футболшылары.

Ал «Тұран» командасын түгелімен осы маман жасақтаған десек те артық емес. Игорь Бугаев, Ренат Абдуллин секілді мамандарды да Ұлықбек Асанбаев осы клубқа жұмысқа орналастырған. «Мақтарал» сапында өнер көрсеткен Виктор Брага мен Серж Ньюадзи де Асанбаевтың әкеліп берген футболшылары. Екеуі де футбол ойнап қарық қылмады.

Шымкент қаласының әкімі «Ордабасы» клубының президенті қызметіне жаңа маман тағайындау мәселесін қарастырып жатқаны айқын. Баспасөз беттерінде бірнеше кандидаттың есімі жарияланды. Олар: Бағлан Ергешев, Арслан Беспаев, Берік Омарбеков секілді тұлғалар. Алдағы уақытта директоры қызметіне жаңа маман тағайындалып, оның есімі бұқараға жария етіледі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz