«Зенит» Нұралы Әліпке 23 млн теңге сыйақы берілетін болды.
Ресейлік инсайдер Иван Карпов «Зенит» клубының ойыншыларына беретін сыйақы көлемін жариялады. Егер «Зенит» басты бәсекелестерінің бірі саналатын Мәскеудің «Спартак» клубын жеңетін болса, әр футболшыға 5 млн рубльден (23 596 млн теңге) сыйақы таратпақшы. Ал «Краснодар», «Локомотив», «ЦСКА», «Динамо» клубтарын ұтса 2 млн рубльден үлестіріледі. Мәскеудің «Локомотиві» 10-турда «Спартакты» жеңгенде әр ойыншыға 1,2 млн еуродан бергендігі мәлім. Ал «теміржолшылардағы» сыйақы көлемінің көлемі – 300 мың еуро екені айтылған. Сондай-ақ, «Спартак» жақында «Локомотивтен» басым түскенде футболшыларына 840 мың рубль көлемінде сыйақы тағайындады.
Айта кетейік, Нұралы Әліп питерлік ұжымға 2022-жылы «Қайраттан» ауысып барды. Содан бері Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Зенит» сапында РПЛ-ді ұтып, Кубоктік ойындарда топ жарды.