Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Ауыр атлетика

Қазақстандық зілтеміршілер Бахрейндегі әлем чемпионатында өнер көрсетуде

Бахрейн астанасы Манамада ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтуде. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жаһандық додаға биыл әлемнің 92 елінен 471 ауыратлет қатысуда. Манама бас қосқан зілтеміршілер арасында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары да бар.

Былтыр Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы әлем чемпионатына 12 спортшымыз қатысып, жеңіс тұғырынапа көтеріле алмады. Ауыр атлетика федерациясының статистикасына сүйенер болсақ, 2022 жылы Колумбияның Богота қаласында өткен жаһандық додада жерлестеріміз бір күміс, бір қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 14-орынға тұрақтаған екен. Сол жылы ел құрамасынан 96 келіде өнер көрсеткен Нұрғиса Әділетұлы ел қоржынына – күміс, 73 келіде сынға түскен Алексей Чуркин қола жүлде салған еді. Нұрғиса Әділетұлы қоссайыста 383 (174+209) келіні еңсерсе, Алексей Чуркин 343 (153+190) келі зілтемірді басынан асыра көтерген болатын.

Сонымен биылғы Әлем чемпионатында Қазақстандық ауыр атлеттерден алғашқы болып жарыс жолына шыққан Ақмолда Сайрамкез (67 келі) шықты. Өкінішке қарай Бахрейнде өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ол жүлдегерлер қатарына іліге ала алмады. Ол «жұлқа көтеруден» 130 келіні бағындырса, серпе көтеруде 175 келі салмақты еңсере алмады. Екінші мүмкіндіктен кейін ол жарақат алып, жарыстан шығып қалды. 67 келіде өнер көрсеткен зілтеміршілер арасында келесі спортшылар жеңіс тұғырына көтерілді:

Ри Вон Джу — 336 келі (146+190)

Пак Пель — 332 келі (150+182)

Юсуф Генч — 327 келі (146+181)

Айта кетейік, Бахрейндегі әлем чемпионаты 15 желтоқсанға дейін жалғасады.

Қазақстандық ауыр атлеттердің өнер көрсету кестесі:

10 желтоқсан

Карина Горичева (64 кг), В тобы

Александр Уваров (81 келі), А тобы

Алексей Чуркин (81 келі), А тобы

11 желтоқсан

Арай Нұрлыбекова (71 келі), В тобы

Денис Уланов (89 келі), В тобы

Денис Полубоаринов (89 келі), В тобы

12 желтоқсан

Кирилл Ставеркин (96 келі), В тобы

Аянат Жұмағали (76 келі), В тобы

Нұрғиса Әділетұлы (96 келі), А тобы

Омарова Айша (76 келі), А тобы

13 желтоқсан

Сұлтан Мейрам (109 келі), С тобы

Артем Антропов (102 келі), А тобы

14 желтоқсан

Андас Самарқанов (109 келі), А тобы

15 желтоқсан

Любовь Ковальчук (+87 кг), А тобы

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2024 insports.kz