Қытай астанасы Бейжіңде шорт-тректен World Tour жарысы аяқталды. Қазақстан әйелдер құрамасы бұл жарыста үшінші орын алды. Эстафетада Ольга Тихонова, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева қола жүлде жеңіп алды.
Айта кетейік, финалда қалған бес қатысушының екеуі жарыстан шеттетілгеннен кейін Қазақстан құрамасы Бейжіңде өткен кезеңде үшінші орынға ие болды. Қазақстандық конькишілер эстафетаның бірінде құлап, жарыс жеңімпаздарынан бірнеше айналымға қалып қойды.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Қытайдағы қола медаль шорт-тректен әйелдер эстафетасындағы Қазақстан құрамасының тарихындағы тұңғыш жүлде болды. Дүниежүзілік шорт-трек турының келесі кезеңі 13-15 желтоқсан аралығында Сеулде (Оңтүстік Корея) өтеді.
Бұл нәтиже біздің құрамаға Әлемдік тур рейтингіндегі позициясын жақсартуға мүмкіндік берді. Командамыз сегізінші орыннан бесінші орынға көтерілді. Қазақстан құрамасының еншісінде 142 ұпай бар. Канада 260 ұпаймен көш бастап тұр.