Қонақтағы серияның финалдық ойынында «Барыс» Челябіде «Трактормен» кездесті. Жарақаттарынан айыққан Виктор Антипин мен Әлихан Әсетов айдынға қайта оралды. Андрей Шутов алғашқы минуттардан-ақ қақпадан орын алды.
Алғашқы кезең айтарлықтай қарқынды өтті. Айдын иелері екінші минуттың аяғында есеп ашты. Гол авторы Челябинск командасының көшбасшысы Максим Шабанов. Бұдан кейін «Барыстың» гол соғуға бірнеше мүмкіндігі болды. Қақпаға бағытталған ең қауіпті соққылардың бірін Михаил Рахманов жасады. Бірақ, «Трактордың» қақпашысы Сергей Мыльников командасын аман алып қалды.
Екінші кезеңде Бенуа Грус шәкірттері ойын тізгінін қолына алып, ұзақ уақыт қарсылас аймағында шабуылдаумен болды. Алайда, Андрей Шутовтың қақпасына гол соғатын мүмкіндіктер болмады. Қонақтар өз ойынын көрсетіп, екі шабуыл жасады. Кирилл Панюков есепті теңестіріп, үзіліске аз уақыт қалғанда Антон Бурдасов бұрынғы командасына сес көрсетті.
Десе де, соңғы үшінші кезеңде айдын қожайындары Дилан Сикюра мен Александр Кадейкиннің дәл соққыларынан кейін жеңісті жұлып әкетті. Енді 24 желтоқсанда Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері тағы да «Трактормен» ойнайды. Кездесу елордадағы «Барыс Арена» мұз айдынында өтеді.
«Трактор» — «Барыс» 3:2 (1:0, 0:2, 2:0)
1:0 – 01:40 – Шабанов (Кадейкин)
1:1 – 30:14 – Панюков (Рахманов)
1:2 – 38:23 – Бурдасов (Бекетаев)
2:2 – 51:10 – Сикюра (Жарков, Дронов)
3:2 – 52:03 – Қадейкин
Қақпашылар: Мыльников – Шутов