Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Дүниежүзілік теннис лигасының көрме турнирінде жекелей сында әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы румыниялық Симона Халепті тізе бүктірді. Матчта Рыбакина 6:4 есебімен жеңіске жетті. Жеңіске жету үшін Еленаға 35 минут жеткілікті болды.
Ойын барысында қазақстандық ойыншы 3 эйс жасап, қатесіз ойнады. Халеп 1 қос қателік жасады. Рыбакина WTA жекелей рейтингінде алтыншы, Халеп 877-ші орында. Тағы бір кездесуде Рыбакина француздық Каролина Гарсиямен жұптасып, Жасмин Паолини (Италия) мен Симона Халеп (Румыния) тандемінен басым түсті.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш жарыста Рыбакина мен Гарсия «Сұңқарлар» командасының сапында ресейлік Андрей Рублев пен канадалық Денис Шаповаловпен өнер көрсетеді.