Елена Рыбакина - Штутгарттағы ширек финалдың басты фавориті

Турнир жеңімпазы қаржылай сыйақымен қатар Porsche 911 Carrera S автокөлігін иеленеді.

Елена Рыбакина - Штутгарттағы ширек финалдың басты фавориті championat

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (2-орын) Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 Stuttgart open турнирінде сәтті өнер көрсетуде. Ширек финалда ол канадалық Лейла Фернандеске (25-орын) қарсы ойнайды. Кездесу бүгін, 17 сәуір Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады.

1/8 финалда Елена ресейлік Диана Шнайдерді (19-орын) сенімді түрде жеңіп, өзінің жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетті. Қуатты соққылары, тұрақты ойыны және өз геймдерінде брейк-пойнт бермеуі оның тамаша формада екенін аңғартады.

Лейла Фернандес ширек финалға оңай жеткен жоқ. Ол Александра Эала мен түркиялық Зейнеп Сёнмезді жеңіп, ұзаққа созылған үш сеттен тұратын матч өткізді. Фернандес мінезі мықты, соңына дейін күресе білетін ойыншы болғанымен, өткен матчтарда біраз күш жолғалтуы оның физикалық жағдайына әсер етуі мүмкін.

Ал, Елена Рыбакина қазіргі формасы мен ойын деңгейі жағынан айқын фаворит саналады.

Айта кетейік, Штутгарттағы турнир 13-19 сәуір аралығында өтуде. Жалпы жүлде қоры 1 049 083 еуроны құрайды. Жеңімпаз 161 310 еуро мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады. Өткен жылы бұл турнирде латвиялық Елена Остапенко жеңіске жетсе, 2024 жылы Елена Рыбакина чемпион атанған. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу