Жәнібек Әлімханұлы Шымкенттегі футбол матчының арнайы қонағы болады

QAZAQ STYLE лақап атымен танымал қазақстандық былғары қолғап шебері футболшыларға қолдау көрсетпек.

Жәнібек Әлімханұлы Шымкенттегі футбол матчының арнайы қонағы болады ашық дереккөзден

Еліміздің мақтанышы, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Шымкентте өтетін футбол матчының арнайы қонағы болады.

Қазақстан Премьер-лигасы аясындағы «Ордабасы» - «Оқжетпес» кездесуі барысында спортшы жанкүйерлермен кездесіп, командаға қолдау көрсетпек. Ойын Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді.

Шара бағдарламасына сәйкес, матч алдында Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлерге өз қолтаңбасы қойылған бокс қолғабын сыйға тартады. Бұл жанкүйерлер үшін ерекше сый болмақ.

Шоу-бағдарлама сағат 18:00-де басталса, матчтың өзі 19:00-де басталады.

Айта кетейік, шымкенттік клуб қазіргі таңда турнирлік кестеде 9 ұпаймен 4-орынға жайғасса, «Оқжетпес» 11 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу