Елена Рыбакина Штутгартта Мирра Андреевамен кездеседі

Сарапшылар Рыбакинаны биылғы Porsche Tennis Grand Prix турнирінің басты фавориттерінің бірі ретінде қарастыруда.

Елена Рыбакина Штутгартта Мирра Андреевамен кездеседі Reuters

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгартта өтіп жатқан WTA 500 турнирінде жартылай финалға шықты. Әлемнің екінші ракеткасы саналатын отандасымыз ширек финалда канадалық Лейла Фернандесті үш сетке созылған тартысты матчта жеңді - 6:7, 6:4, 7:6. Кездесу 3 сағат 2 минутқа жалғасты.

Осылайша Рыбакина турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін 1/8 финалда ол ресейлік Диана Шнайдерді сенімді түрде ұтып, 6:3, 6:4 есебімен келесі кезеңге өткен болатын.

Сонымен қатар турнирде күтпеген нәтиже тіркелді. Әлемнің үшінші ракеткасы Коко Гауфф чехиялық Каролина Муховаға есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.

Айта кетейік, Штутгарттағы жарыстың жалпы жүлде қоры 1 049 083 еуроны құрайды. Турнир жеңімпазы 161 310 еуро мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады. 

Жартылай финалда қазақстандық теннисші ресейлік жас жұлдыз Мирра Андреевамен кездеседі. Андреева әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швёнтекті жарыс жолынан шығарды.

Елена Рыбакина мен Мирра Андреева арасындағы кездесу бүгін, 18-сәуір Штутгарттағы орталық кортта Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу