Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирінің финалына шықты
Финалға шыққаны үшін Елена Рыбакина 99 565 еуро сыйақы мен 325 рейтингтік ұпай алады.
gotennis
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияда өтіп жатқан WTA 500 Штутгарт турнирінің финалына жолдама алды.
Жартылай финалдық кездесуде қазақстандық теннисші ресейлік Мирра Андрееваны 7:5, 6:1 есебімен жеңді. Бірінші сетте есеп 5:5 болған сәттен кейін Рыбакина қатарынан жеті гейм ұтып, матчты өз пайдасына аяқтады.
Финалдық матч 19 сәуір күні өтеді. Онда Елена Рыбакина чехиялық теннисші Каролина Муховамен кездеседі.
Айта кетейік, аталған турнир барысында Елена ресейлік Диана Шнайдер мен канадалық Лейла Фернандесті де жеңген болатын.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу