«Ордабасы» соңғы минуттарда жеңісті жұлып әкетті
Бүгінгі матчтың басты қонағы қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы болды.
Ордабасы ФК
Қазақстан Премьер-лигасының 6-туры аясында «Ордабасы» өз алаңында «Оқжетпес» командасын 2:1 есебімен жеңді.
Шымкент қаласында өткен кездесу тартысты өтті. Ойынның алғашқы бөлігінде есеп ашылмай, барлық голдар екінші таймда соғылды. 65-минутта Сергей Малый алаң иелерін алға шығарды. Алайда матчтың соңғы минуттарында қонақтар таразы басын теңестірді. 90+1-минутта Леонардо Де Ассунсау есепті 1:1-ге жеткізді.
Кездесудің тағдыры қосымша уақыттың соңғы сәттерінде шешілді. 90+4-минутта Мағжан Тоқтыбай шешуші гол соғып, «Ордабасыға» маңызды үш ұпайды сыйлады.
Осы жеңістен кейін шымкенттік клуб 12 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілді. Ал «Окжетпес» 11 ұпаймен төртінші сатыда тұр.