Алматылық «Қайрат» «Каспийді» еш қиындықсыз жеңді
«Қайрат» қарқынын күшейтті.
kazfootball
Қазақстан Премьер-лигасының 6-туры аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында ақтаулық «Каспий» командасын 2:0 есебімен ұтты.
Алматыдағы кездесуде алаң иелері басымдықты бірден қолға алып, ойын барысын толық бақылауда ұстады. Бірінші таймда есеп ашылмағанымен, үзілістен кейін «Қайрат» шабуылға тың серпін қосты. 55-минутта бразилиялық шабуылшы Эдмилсон есеп ашып, жанкүйерлерін қуантса, 82-минутта португалиялық Жоржинью матчтың нүктесін қойды - 2:0.
Бұл жеңіс «Қайраттың» турнирдегі амбициясын айқын көрсетті. 14 ұпай жинаған алматылық клуб чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ал, маусымды сәтсіз бастап отырған «Каспий» небәрі бір ұпаймен турнир кестесінің соңында қалып отыр.
Келесі турда «Каспий» сырт алаңда «Тобыл» командасына қарсы ойнайды. Ал «Қайрат» өз жанкүйерлері алдында «Елімайды» қабылдайды.